6.08.2019, 20:12
Оқылды: 332

Оралда бағаны негізсіз өсірген үш супермаркетке тергеу жүргізілді

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямовтың айтуынша, бәсекелестікті қорғау бойынша 7 заң бұзушылыққа қатысты тергеу өндіріске енгізілген. Бұл жөнінде БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жариялады.

WhatsApp_Image_2019-08-06_at_15.02.36_01

– Қант бағасын негізсіз өсіруге байланысты үш супермаркетке қатысты тергеу жүргізілді. Тергеу материалдары Орал қалалық әкімшілік сотында қарастырылуда. Бәсекелестікке кедергі келтіретін себептерді талдау барысында монополияға қарсы заңнамаға сүйеніп, құқықбұзушылықтарды анықтаймыз. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасын үнемі қадағалап отырамыз, – деді Нұрбол Ислямов.

Оның мәліметінше, биыл аталған департамент Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мемлекеттік сатып алуларға қатысты конкурсын тоқтатқан. Себебі қалалық бөлім жолдарды күтіп ұстау мен көгалдандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алуды бөлек-бөлек өткізбей, бір ғана конкурс талабына сыйдырып, бәсекелестік аясын шектеген. Мемлекеттік сатып алулар қайтадан өткізілетін болды. Бұдан бөлек, «ҚПО б.в.» мен «Демтек Солюшис» ЖШС, «Жайықмұнай» мен «Болашақ-Атыру», «ICMRecycling» ЖШС мен «Орал Таза Сервис» серіктестіктері арасында бәсекеге қарсы келісімдер жүргізілуіне байланысты тергеу жүргізілуде.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале