1.07.2020, 9:24
Оқылды: 696

Оралда базарлардың бірінен өрт шықты

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, өрт С.Тюленин көшесі 49/1 мекенжайында орналасқан «Айгүл» базарында кеше 18.00 шамасында басталған.

200630221923910e

Кафеге лайықталған 2 контейнер, автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын тағы бір контейтер отқа оранған. 60 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жеңіл автокөліктің тіркемесіне де ауыз салыпты. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 47 қызметкер, 18 техника жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінің тез жетіп, жедел әрекет етуі нәтижесінде жалынның өршуіне жол берілген жоқ. Тағы бір қауіп, оқиға болған жерге «Золотая чаша» базары тиіп тұр еді. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмегендіктен, кезінде бұл базарды жабу жөнінде сотқа құжат жолдадық. Кез келген нысан иесі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін естен шығармауы тиіс», - деді департамент бастығы Жасұлан Жұмашев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале