26.04.2018, 14:29
Оқылды: 54

Оралда белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кездесті

8F2F3420-FDAC-4E2A-B596-4B6ED85EE83DБҚО Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «еркін формата» облыс əкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловпен кездесті.

Азаматтық қоғам өкілдері өздерін толғандырып жүрген түйткілді мəселелерді қозғап, ойларын ортаға салды. «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Бисенова таяуда Астана қаласында орналасқан Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан 4 млн.қаржы көлеміндегі грантты ұтып, ішкі саясат басқармасымен бірге ауылдық өңірлердегі ҮЕҰ-дың слётін өткізетіндігін хабарлады.

БҚО Азаматтық Альянсы қауымдастығы ЗТБ төрайымы М.Санкаева қазіргі таңда азаматтық қоғам өкілдері Азаматтық ресурстық орталығына (коворкинг) өте зəру екендігін тілге тиек етті.

Облыс əкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов пен БҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Қадралиев бұл жобаның биыл жүзеге асырылатынын хабарлап, облысымыздағы белсенді топтар мен азаматтардың басқосу алаңы болады деп атап көрсетті.

Кездесу қорытындысында алдағы уақытқа жоспарлар жасалып, бағыттар айқындалды.

Өңір басшысының орынбасары Ғ.Оспанқұлов өз кезегінде осындай ашықтық принципіндегі басқосулардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Батыс Қазақстан облысы

Ішкі саясат басқармасы
Ақпара
ттық саясат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале