5.12.2019, 20:49
Оқылды: 61

Оралда белсенді жастар бас қосты

Орал қаласы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңейтілген кеңестің отырысы өтіп, аталмыш жиынға қала әкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысты.

oral akim (6)
Кеңес жұмысы Оқушылар және жастар сарайының фойесінде жайғасқан жас кәсіпкерлер көрмесімен танысудан басталды. Көрмеде «Zhas project» жобасы аясында жұмыстанып жатқан 10 жас кәсіпкер, сонымен қатар өз бастамасымен кәсіп ашып, шаруасын дөңгелентіп отырған екі жас өздері айналысатын қызмет түрлері мен ұсынылатын өнімдерін таныстырды.

oral akim (4)
Содан соң Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Болатбек Сахиевтің өңірімізде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жылдық есебі тыңдалды. Оның айтуынша, қаламызда 14-29 жас аралығындағы жас саны 60 806 адам. Соның ішінде 37 905 жас облыс орталығындағы төрт ЖОО мен 18 арнаулы орта оқу орындарында білім алуда.

oral akim (8)

арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 2,1 пайыз. Биыл жыл басынан бері жұмысқа орналасу мәселесімен жолыққан 2 958 жастың 2 291-і мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, 934-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Жастар бизнесін қолдау және дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында 130 млн. теңге бөлініп, 50 жас қайтарымсыз несие иемденді. Сонымен қатар аталмыш бағдарлама бойынша Жастар жылына орай жасы 29-дан аспаған жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында қайтарымсыз несие тағайындау үшін облыс бойынша қосымша 45 млн. теңге бөлінді.

oral akim (9)

 

Нәтижесінде арнайы конкурстық комиссияның шешімімен 12 жас кәсіпкерге жалпы сомасы 33 млн. теңгені құрайтын грант берілді. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 360 жас кәсіпкерлік негізі бойынша оқып, оның 120-сы қайтарымсыз мемлекеттік грант иеленді. «Zhas project» жобасы бойынша жеңімпаз деп танылған 54 жобаның әрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат бөлінген. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, қаламызда 30-дан астам еріктілер ұйымы белсенді жұмыстануда, олардың қатарында 2 мыңнан астам ерікті бар екен.
Отырыс барысында жиынға қатысушылар қатарынан бірнеше жас мемлекеттік бағдарлама игілігін көрген сәттерінен естелік айтса, енді бірқатары шаһар басшысына ұсыныс-тілектерін білдірді. Кеш соңында қала әкімі Абат Шыныбеков жастармен естелік суретке түсті.

 

 

Аяужан Кереева

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале