17.01.2019, 16:22
Оқылды: 63

Оралда «Bilimfest» ашық есік күні өтті

Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «НұрОтан» партиясының 20 жылдығына орай «Bilimfest» ашық есік күні өтті.

 jas otan (2)

 Күн «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысымен басталды. Сайысқа қаладағы № 1, 36, 38, 43 мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Сондай-ақ жастар республикалық жыр мүшәйраларының-жүлдегері, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлымен кездесті.

         «Заманауи қазақстандық білім берудегі педагог мәртебесі» республикалық лекциясына БҚО «Жас Ұлан» еріктілер ұйымының жетекшісі Шаттық Саматқызы, Орал қаласы «Робото техника» үйірмесінің жетекшісі Марс Мақсотов орталыққа жиналған оқушылар мен жасотандықтарға бос уақытты тиімді ұйымдастыру туралы айтып айтып берді.

 «Ерікті.Лидер.Winner» атты көшбасшылық пен топтық жұмыстарды қалыптастыруға бағытталған тренинг өткізілді. «Bilimfest» ашық есік күніне 100-ден астам жас қатысты.

jas otan (6) jas otan (5)

Ерлік Шамғалиев,

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы

төрағасының орынбасары

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале