12.08.2020, 23:50
Оқылды: 414

Оралда бір апта ыссы су болмайды

«Жайықжылуқуат» АҚ-ы жыл сайын жылу беру маусымының алдында профилактикалық  іс-шаралар жүргізу үшін жылу-электр орталығының жұмысын тоқтатады. Биыл аталмыш орталықтың жұмысы 16 тамыз күні кеште бір аптаға тоқтайды. Сол себепті қалада ыссы су болмайды. Бұл туралы мекеменің бас директоры БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті.

43EEF9CB-D831-4838-AE61-7FFFEB992F28

Шаһар әкімі Абат Шыныбеков   «Жайықжылуқуат» АҚ-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Аталмыш мекеменің  жылу-электр орталығының, жылу желілері мен қазандық шаруашылығының жұмысымен танысты. Алдымен жылу қазандықтарын аралап, жай-жапсарына қанықты. «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин айтып өткендей, мекеме бүгінде 1513 нысанды жылу энергиясымен қамтып отыр. Алдағы жылыту маусымына дайындық жасау үшін 405,900 млн. теңге қаражат игеруі қажет. Бүгінде жылу-электр орталығы бойынша 230,943 млн. теңге игеру жоспарланған. Қазір жөндеу жұмыстары 62,5 пайызға орындалған. Сонымен бірге жоспарланған  5,212 шақырым жылу желілерінің  2,611 шықырымы ауыстырылып, жұмыстың тең жартысы орындалыпты. Ал қазандықтардың негізгі жабдығын жөндеу  77,2 пайызға орындалып, бүгінде 57 қазанның 44-і дайын тұр. Қуат Наурызұлының сөзінше, мекемедегі барлық жұмыс кестеге сай, тоқтаусыз жүруде.

Абат Шыныбеков «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Зашаған кентіндегі «Водстрой» АКК қазандығын қайта құру жобасына ерекше тоқталды. Шаһар әкімі аталмыш қазандық қазанның 15-і күні басталатын жылыту маусымына сақадай сай тұруы қажет деді. Сонымен бірге ол «Жайықжылуқуат»  қалада жөнделген жылу желілерінің орнын жабу тиянақты атқарылуын басты назарда ұстау керектігін айтты.

- Өткен жылғы тәжірибеге сүйенсек, былтыр жөнделген жылу желілерін қоңыр күзде жаптық. «Анау мекеме жауапты, мынау жабуы керек» деген сөздер айтылды. Биыл ондай жағдай қайталанбауы тиіс. Өздеріңіз айтып отырған осы жұмыстарды атқаруға жауапты «Адал арна» ЖШС-ның дәл қазір одан өзге де істеп жатқан жұмысы шаш-етектен. Оның  қаладағы жолдарды салу, шұңқырлар жөндеу, салынып жатқан үйлерді абаттандыру секілді басқа да жұмыстары бар. Сондықтан серіктестік сіздерге өз жұмысының нақты кестесін ұсынуы керек. Қалай болғанда да, қазылған жер күзге дейін ашық жатпауы тиіс, - деді Абат Абайұлы. Сонымен бірге шаһар әкімі тұрғындар мен заңды тұлғалардың коммуналдық төлемдер бойынша бережақтарын жинау, төлеу жұмысын ширатуды тапсырды.

 Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале