23.01.2018, 17:39
Оқылды: 38

Оралда бір күнде 17 автобус жүргізушісі ереже бұзған  

 

Республика көлемінде «Автобус» атты жедел алдын алу шарасы басталды. Шара барысында жол инспекторлары Орал қаласының «Қазақстан» кинотеатры ауданы, «Променад» сауда үйі алдында, «Әмбебап» дүкені ауданындағы жолда рейд өткізді, деп хабарлады Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметкері Гүламан Исмагулова.

Рейд кезінде көліктің терезелерін қара пердемен толықтай тұмшалап және алдыңғы әйнектің жоғарғы тұсын  белгіленген мөлшерден тыс жапқан жүргізушілер тоқтатылды.

-Өткен жылы ұйымдастырылған шаралар барысында 169 қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған. Соның ішінде 16 автобус жүргізушісі жол-көлік апатына жол берді. Нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 86 адам түрлі деңгейлі дене жарақаттарын алды.

«Автобус»  жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде-ақ 17 қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны анықталып, тіркелді,-дейді Орал қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Майранов.

   zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале