18.11.2019, 17:35
Оқылды: 67

Оралда «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» республикалық іс-шарасы өтеді

Құрметті батысқазақстандықтар!
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгілеген міндеттерді орындау мақсатында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтеді.

akimat
Акция аясында облыс және қала басшылығы, облыстық басқармалар, коммуналдық мекеме басшылары 2019 жылғы 21 қараша күні сағат 9.00-ден 13.00-ға дейін және 14:30 дан 19:00 дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдау Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,185, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтпек. Жеке қабылдауға сол жерде жазыла аласыз.
Барлық аудандар, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале