7.12.2019, 19:37
Оқылды: 195

Оралда бизнес-форум өтті

Бүгін Орал қаласындағы «Ақ сарай» мейрамханасында «Business Power-2019» ІІ масштабтық бизнес-форумы өтті.

IMG-20191207-WA0037-800x534

Шараны ұйымдастырушы «Business Power» компаниясының негізін қалаған Айнаш Бижанованың сөзінше, бұл еліміздегі аймақтық ең ірі форум. Себебі бизнес өкілдері мен кәсіпкерлікпен айналысуға  ынталы жандардың басын қосқан шараға 700-дей адам қатысты. Олардың арасында Ақтөбе, Ақтау және Атыру қалаларынан да келгендер бар.

IMG-20191207-WA0030-800x534

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев форумның басты спикерлерінің бірі болды.
- Бизнес форум жаңа форматта ұйымдастырылды.  Бұл тың стартап жобаларды қолға алуға ынталандырады. Мұнда сөйлейтін  спикерлер де өз еңбектерімен жетістікке жеткен мықты мамандар. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісуде. Яғни форум  ынталандыруды, жігерлендіруді көздейді. Әр адамның ой түйіп, жаңа ісін бастауына түрткі болса дейміз. Форумға еліміздің әр аймағынан 100-ден  астам адам келді. Ал бұл бизнес-форумның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Әрі халыққа осындай түрткі болатын, үлгі көрсететін шынайы өмірлік тәжірибе керек. Біздің облыста ылғи да мұнайгаз саласына арқа сүйейміз. Ал шағын және орта бизнесте тек жастар емес, жасы үлкендерге де стартап жобалар жасауға болады. Олар  өз кәсіптерін бастап, белсенділік танытқандары жөн, - деді М.Манкеев.

IMG-20191207-WA0052-800x534

Сонымен қатар басқосуда  білім беру саласындағы жетекші бизнесмен, «Синергия-Казахстан» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Domino home & horeca» дүкендер желісінің негізін салушы, «Жарқын кәсіпкер» кәсіпкерлер клубы басқармасының төрағасы Жалғас Дәулетов, «Синергия-Казахстан» университетінің даму департаментінің директоры Дана Садықова, Қазақстандағы  Яндекс.Такси жүйесіндегі ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаған Тимур Құдайбергенов, Нью-Йорк марафонындағы жеңісі үшін есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Бурлаков, кәсіпкер Марғұлан Сейсембайлар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Ясипа Рабаева
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале