19.08.2017, 17:20
Оқылды: 37

Оралда БҚО ұстаздарының тамыз мəслихаты өтті

received_10209877661950616Бүгін облыстық қазақ драма театрында "Қазақстанның жаңаруы 3.0-білімнің үлесі" тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Кеңес отырысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов қатысты.


received_10209877662110620Облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңа оқу жылының алдында ұстаздар қауымына сәттілік тілеп, зейнетке шықса да, жас ұрпақ тәрбиелеуде әлі де белсенді үлес қосып жүрген ардагер ұстаздарға ризашылығын білдірді.
-Елбасымыз Н. Назарбаев білім саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Жылма-жыл білім саласына бөлінетін қаражат артып келеді. Соңғы жылдары көші-қонға байланысты қала халқының саны артып келеді. Осыған орай мұғалімдердің саны мен сапасын көтеру керек. Елбасының тапсырмасына сәйкес, өңірімізде 9 жаңа білім ошағы бой көтеріп келеді. Соның ішінде төрт мектеп "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынуда. Бұл - үлкен қолдау. Мектептерде білім алуға бар мүмкіндік жасалған. Қазіргі күнде ауыл мектептерін қала мектептеріне теңестіру мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Елбасымыз Н. Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Туған жердің әрбір сайы мен қыры, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір елдің есінде сақталған өз перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс,"- деп атап өткен болатын. Сондықтан жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды да өз дәрежесінде атқаруымыз қажет, -деді облыс басшысы Алтай Сейдірұлы.
received_10209877662510630-1Тамыз кеңесінде педагогикалық еңбек ардагерлері мен білім ошақтарында өз жұмысын енді ғана бастағалы отырған жас мамандарға құрмет көрсетілді.
Облыстық байқаулардың қорытындысы нәтижесінде "Орта білім беретін үздік ұйым" атанған Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 орта мектебіне қаржылай сыйлық табысталды. Республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары №34 "Балбұлақ" бөбекжайының тәрбиешісі А. Сағидуллина, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" мектеп-лицейінің геогрофия пәнінің мұғалімі А. Сидарова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы М. Аққалиевтер анайы сыйлықтармен марапатталды.

received_10209877662030618Сондай-ақ облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Н. Сабиров, Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің басшысы А. Сапаров, Зеленов ауданы, Дариян ЖОББҚМ директоры Ш. Өмірзақова, Орал қаласының №23 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Е. Сусорова "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен, Ақжайық ауданы "Бөбек" балабақшасының меңгерушісі Г. Қажығалиева, Сырым ауданы, Бұлдырты орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Рамазанова, №8 Дарынды балаларға арналған мектебінің биология пәнінің мұғалімі Л. Чернецова, Батыс Қазақстан инженерлік -технологиялық колледжінің директоры С. Әлімбеков "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале