12.03.2017, 14:54
Оқылды: 25

Оралда бокстан халықаралық турнирдің соңғы кезеңі өтуде

Бүгін Орал қаласында ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Бекет Махмутовтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы І халықаралық турнирдің соңғы кезеңі өтуде.

Шаршы алаңда бес күн бойына Жапония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан жəне еліміздің барлық аймақтарынан келген 150  жас спортшы қолғап түйістірді. Финалдық кезеңдегі жекпе-жектерді облыс əкімі Алтай Көлгінов, бокстан олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев, əлем чемпионы Галиб Джапаров тамашалауда. Жарыс қорытындысында ел чемпионатына баратын облыстық құрамаға спортшылар іріктеледі.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале