16.04.2018, 13:05
Оқылды: 48

Оралда бүгіннен бастап кей көшелер жабылады

jol (1)Орал қаласының автокөлік жолдарын жөндеу  жұмыстарына байланысты, бүгіннен бастап кей көшелер жабылып, көлік қозғалысы өзгереді. Бұл жайлы Орал қаласы әкімдігі хабарлайды.

Неусыпов көшесінен Петровский көшесіне дейінгі М.Мәметова көшесін күрделі жөндеуге байланысты Петровский көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады. Көліктер Меңдалиев, Алмазов, Егізбаев, Петровский көшелерін айналады.

Ружейников көшесінен Кузнечная көшесіне дейінгі Әбдіров көшесін күрделі жөндеуге байланысты Лесозащитная көшесінен Кузнечная көшесіне дейінгі  жол жабылады. Соған байланысты №43 маршрут қозғалысы Ружейников көшесінен Лесозащитная көшесіне дейінгі Әбдіров көшесі арқылы жүреді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале