7.10.2017, 14:30
Оқылды: 34

Оралда "Дəстүр" атты шара өтті

IMG_8079Бүгін Орал шаһарындағы жаңа алаңда "Дәстүр" атты мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Елбасымыз Н. Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрімізді алдағы өркендеудің берік діңі етіп алып, болашаққа сеніммен бет алып, алға нық қадам басу" қажеттігі туралы айтқан болатын. Осы бағытта жас ұрпақтың санасына патриоттық сезім ұялатып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтау мақсатында өткен шараға халық көп жиналды. Мәдени шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов арнайы келді.
-Бүгінгі шара Елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасының аясында өтіп жатқан этностық шаралардың бірі. Ата-бабамыздан қалған игі дәстүрімізді жастардың санасына сіңіру - деп сөзін сабақтаған Арман Кәрімұлы ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын мұндай мерекенің алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп тұратынына сенім білдірді.
Ән мен жыр төгіліп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз көрініс тапқан шарада өңіріміздің орта, жоғары оқу орынының студенттері мен ұстаздары белсенділік танытты. Орталық алаңда әр аудан ақ шаңқан киіз үйлер тігіп, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойналды. Қадыр Мырза Әлі ескерткішінің маңында Ақжайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева бастаған өңіріміздің ақын-жазушылары жастармен жүздесіп, тағылымды әңгімелер айтты.
Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді жұртшылық назарына ұсынған әдемі шара қалалық, облыстық өнер ұжымдарының концертіне ұласты.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале