12.08.2020, 16:45
Оқылды: 99

Оралда даму мүмкіндегі шектеулі оқушылардың көрмесі ұйымдастырылды

Орал қаласында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, насихаттау мақсатында көшпелі сурет көрмелері өтіп тұрады.

IMG-20200812-WA0007

Көрмені ұйымдастыру жұмыстарын «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылдық қоры атқарады. Аталмыш қорға Рада Хайрушева жетекшілік етеді.

- Біздің қор көп жыл бойы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап шеберлік сабақтарын, ағылшын тілін оқыту курстарын, тоқу өнері, сурет сабақтарын үйретіп келеді. Сабақтардың барлығы да ақысыз түрде жүргізіледі.

Әсіресе сурет сабақтарын апта сайын өткізу дәстүрге айналған. Бұл пән бойынша Дәурен Ғұмаров тегін сабақ береді.

IMG-20200812-WA0008

Бұған дейін балалар қолынан туындаған шығармалар облыс әкімдігі ғимаратында, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Оқушылар сарайында, қалалық көрме залдарында ілініп, жұртшылық назарына ұсынылды.

Биыл жоспар бойынша халықаралық көрме өту керек болатын. Өкінішке орай, пандемияға байланысты бұл жұмыс кешеуілдеп тұр.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың көрмелерін Алматы, Нұр-Сұлтан қаларында, шет мемлекеттерде ұйымдастырсақ, жақсы болар еді?! – дейді «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Рада Хайрушева.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале