15.07.2019, 11:16
Оқылды: 383

Оралда демалып жатқан арыстық балалар кәсіпқой футболшылармен кездесті (СУРЕТ)

"Ақжайық" футбол клубының басшылығы, бапкерлік құрамы және ойыншылары "Дарын" қосымша білім беру орталығында жазғы демалысын өткізіп жатқан Арыс қаласының балаларымен кездесті, деп хабарлады «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі.

Қазір "Дарын" қосымша білім беру орталығында арыстық оқушылармен қатар Ресейдің көршілес Самара облысынан және еліміздің басқа өңірлерінен келген жас жеткіншектер де демалуда.

Алдымен футболшылар мен демалушылар сұхбат құрды. Балалар ойыншыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, емен-жарқын әңгімелесті.  Кейін балалар команда мүшелерімен футбол ойнап, қолтаңба алды.

IMG_4433 IMG_4391 IMG_4393 IMG_4394 IMG_4395 IMG_4397 IMG_4398 IMG_4406 IMG_4424

IMG_4588 IMG_4501 IMG_4522 IMG_4529 IMG_4535 IMG_4561 IMG_4567 IMG_4580

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале