9.08.2019, 16:19
Оқылды: 258

Оралда денсаулық саласындағы мәселелер талқыланды

Бүгін қалалық көпбейінді аурухана базасында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали, облыс медициналық ұйымдарының директорлары, бас штаттан тыс мамандар қатысты.

bdfc95d9-ba5b-4670-a40e-351862f8ab9c

Біріншіден, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жақсы екенін атап өткен жөн. Осылайша, жалпы және сәби өлімі, жарақаттанушылық, жол-көлік оқиғалары, улану, туберкулез ауруына шалдығушылықтың төмендеуі байқалды, ана өлімі тіркелген жоқ.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігін және халыққа сапалы медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МСАК) қолжетімділігі артып келеді. Осы мақсатта «адымдық қолжетімділік» талаптарына жауап беретін 20 жаңа учаске және 1 МСАК орталығы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 6 учаске мен бір МСАК орталығын ашу жоспарлануда. Нәтижесінде бір жалпы практика дәрігеріне жүктеме 1700 адамға дейін азаяды. Жүктеменің төмендеуіне байланысты медициналық қызметтердің сапасы артатыны сөзсіз.

Есепті кезеңде 32 дана «Жедел жәрдем» көлігі, 30 дана медициналық техника сатып алынып, 20 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта 25 реанимобиль сатып алу жоспарлануда.

2019 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 37,4 млрд. теңгені құрады. Елбасы Н.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы аясында 1 қаңтар мен 1 маусымнан бастап медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Жыл басынан бастап дәрігерлердің жалақысы 54 506 теңгеден 65 833 теңгеге дейін, медбикелердің табысы 39 995 теңгеден 56 630 теңгеге, ал саладағы жұмысшылар жалақысы 28 315 теңгеден 47 074 теңгеге дейін артты.

Биыл кадр мәселесін шешу мақсатында аймаққа шамамен 175 жас маман тартылды.Осы мақсатта 50 студент және 28 резидент еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл медициналық жоғарғы оқу орындарына түсетін көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы мектеп түлектеріне 35 грант бөлінді.

0320e118-2633-4567-9893-3a7f4f489d35

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аймаққа келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету, 100 АЕК мөлшерде біржолғы көтермеақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жыл сайынғы 0,01%  сыйақы мөлшерлемесімен 1500 АЕК мөлшерде бюджеттік несие, сонымен қатар облыстық мәслихаттың шешімі бойынша 1 миллион теңге қаржылай қолдау қарастырылған. 2019 жылдың І жартыжылдығында 96 маманға 16 967,9 мың теңге көтермеақы, 48 маманға 173 793,5 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 3 жоба іске асырылуда:

  • Күрделі жөндеу жүргізумен және технологиялық жабдықтарды ауыстыра отырып облыстық көпбейінді аурухана асханасын жалға беру. Жоба құны – 133 млн. теңге;
  • Көпбейінді қалалық ауруханаға ангиографиялық қондырғыны лизингке сатып алу. Жоба құны – 370 млн. теңге;
  • Ақжайық аудандық ауруханасы үшін компьютерлік томограф сатып алу. Жоба құны – 379 млн. теңге.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы келесі сұрақтар шешімін күтуде:

  1. 9 дәрігерлік амбулатория, 15 фельдшерлік-акушерлік пункт және 30 медициналық пункт, Теректі ауданының Федоров ауылында емхана салу.

2.Онкологиялық аурулармен күресті дамыту мақсатында сәулелі терапияны жүргізу үшін желілік үдеткіш сатып алу мәселесі.

  1. Аудандық деңгейден төменгі елді мекендердегі денсаулық сақтау нысандарын интернет желісіне қосу.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Дәрі-дәрмектің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді тұрақты бақылау үшін амбулаториялық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында тегін дәріханалар ашу қажет болды.

Қазіргі уақытта барлық қалалық емхана мен аудандық ауруханаларда дәріханалар ашылып, рецепт бойынша дәрі-дәрмектер жіберілуде. Сондай-ақ аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде, қаланың кейбір елді мекендерінде (Деркөл, Круглозерный, Подстепный және Теректі ауданының Жаңа Өмір, Ақжайық ауданының Тайпақ елді мекендерінде) халыққа тегін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріханалардың филиалдары ашылды.

Бүгінгі таңда СК-Фармация дистрибьютері  4 047,3 млн.теңгенің дәрілерін сатып алған. 2019 жылдың 6 тамызындағы көрсеткіш бойынша  3050,72 млн.теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізіліп (74,3%),  2255,5 млн.теңгенің препараттарымен 75783 адам қамтамасыз етілді.

Материалдық-техникалық жабдықтауға келетін болсақ, мемлекеттік медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 386 нысанды құрайды, олардың көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Ағымдағы жылы 20 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізілді.

Патологиялық-анатомиялық бюро салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде және қалалық көпбейінді ауруханада 160 орындық кардиологиялық корпустың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге конкурстық рәсімдер өткізілді. 2022-2023 жылдары Зашаған мен Деркөлде, 2024-2025 жылдары Жұлдыз және Ақжайық шағынаудандарында ауысымына 250 келушіге арналған қалалық емханалар салу жоспарланған, бұл жұмыстар республикалық бюджеттен қаражат бөлінуін қажет етеді.

Аяужан КЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале