30.11.2018, 18:27
Оқылды: 56

Оралда домбырашылар флешмобы өтті

Орал қаласындағы «Asia Mall» сауда орталығында «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті. Ұлы даланың ән-күйін насихаттауға арналған шараны Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды.

dombyra (3)

       

  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған флешмобты еліміздегі барлық зияткерік мектептер бір уақытта өткізді. Бұл күні жалпы саны 1000-нан аса жас домбырашы күй тартып, өнерлерін ортаға салды.

         Флешмобта зияткерлік мектептің өнерпаз оқушыларынан құралған «Дарын» ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Саранжап» күйлерін орындаса, «Ғажайып» би ансамблі «Бозбала бірлігі» биімен көрерменнің көңілін көтерді. Сондай-ақ жекелеген оқушылар «Мен қазақпын», «Халық термесі» ән-термелерімен келушілердің құлақ құрышын қандырды.

         Айта кетейік, аталған мереке қарсаңында зияткерлік мектепте тақырыптық, кураторлық сағаттар, арнайы көрме, кітап оқу флешмобы, деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылып, үстел теннисінен турнир өтті. Сонымен қатар облыстық камералық оркестр мектеп ұжымына «Елбасы – ел тірегі» мерекелік концертін ұсынды.

         -Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенімізге екі ай болды. «Asia mall» орталығына қызымды ағылшын тілі курсына әкеліп едім. Содан домбыраның үнін естіп осы жерге келдім. Алған әсерім керемет. Домбыраның үнін сағынып қалыппын. Бишілердің биі тіптен керемет, - дейді Орал қаласының тұрғыны Халима Айтбекқызы.

         -Жиенім биыл Назарбаев Зияткерлік мектебіне 7-сыныпқа қабылданды. Мектебі жанында «Дарын» оркестрі бар екен. Сол ұжымның қатарына ата-аналарды да қабылдайды. Мен де оркестрдің мүшелігіне кірдім. Бүгін «Дарынның» құрамында алғашқы концертке шықтым. Қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаныма қуаныштымын, - дейді Орал қаласының тұрғыны Шапағат Мәжитов.

dombyra (7) dombyra (5) dombyra (4) dombyra (2) dombyra (1)

zhaikpress.kz,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале