7.06.2019, 19:58
Оқылды: 226

Оралда дзюдо залы ашылды

Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында дзюдо залы ашылды. Бұл залда шаһардың 500-ге жуық жүректі де білекті ұл-қызы жаттығатын болады. Жаттығу залының ашылуына облыс әкімі Алтай Көлгінов пен Бейжің олимпиадасының жүлдегері, ҚР дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев қатысты.

IMG_6233

- Елімізде, облыста жастардың игілігі үшін, жалпы спортты дамыту бағытында  мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Осы жазда облыс орталығында 310 орындық интернаты бар спорт колледжі ашылатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен колледждің құрылысына 1 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді. Сонымен қатар биыл облыста 10 спорт кешенінің құрылысы басталатын болады. Бұл дзюдо залы спортшы балалардың жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, әлемдік додаларда топ жаруына жол ашады деп сенеміз, - деді Алтай Сейдірұлы. Сонымен қатар залдың ашылуына қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді.

IMG_6238

Облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, зал халықаралық стандартқа сай жабдықталған. 500-ге жуық бала  аптасына 6 күн жаттығатын болады. Оларды шамамен 5 бапкер  жаттықтырмақ. Қазір мұнда 14-17 маусымда Қызылорда қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтуде.

IMG_6203 IMG_6275

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале