31.10.2019, 13:07
Оқылды: 253

Оралда екі мектеп апатты жағдайда тұр

Бұл туралы қала әкімі Абат Шыныбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтты.

 qala akimi (1)

Оралдағы 51 күндізгі мектепте 49 949 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 467 оқушыға артқан.

Қаладағы мектептің 80 пайызында оқушылар екі ауысымда оқыса, 6 мектеп бір ауысыммен оқытады. Ал № 10, 18, 20, 47, эстетикалық бағыттағы гимназияда оқушылар үш ауысыммен оқиды. Соңғы жылдары Зачаган, Сарытау шағын ауданында халық көп қоныстанып, оқушылар саны көбейген. Сол себепті мектептер үш ауысымда оқытуға көшкен.

-Биыл «Nur Otan» партиясының қолдауымен №4 мектепте, №42 «Ақ ниет» гимназиясында және оқушылар сарайында ІТ сынып ашылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 51 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ол үшін 110 млн теңге жұмсалды. 50 бөбекжайға 15 млн. теңгеге құрылыс заттары сатып алынды.

№31 және №33 апатты жағдайда тұр. Қазір №33 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасының сараптамадан оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды. №31 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалу үстінде, - деді қала әкімі.

                Динара Насыр

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале