2.07.2020, 18:26
Оқылды: 135

Оралда екі жасар қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Оқиға 1 шілде күні сағат 22.15-те Ә.Кердері көшесі 172/1 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің 36-пәтерінде орын алды. Ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы қыз бала 2 қабаттағы терезеден құлап түскен.

C3BD0D3D-9588-4CD7-9695-D8CCA1532514

Анасы асүйде болған кезде сәби ашық тұрған терезенің жақтауына шыққан. Ол жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған күйде ауруханаға жеткізілді.

Жағдайы орташа ауыр. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды тағы да ескертеді.

Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмауға, бөлмелерінде ашық терезелермен тіпті қысқа мерзімге де қалдырмауды сұраймыз, өйткені бұл қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.

Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

• пәтерде терезелерді және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.

• желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз. Егер сіз терезені ашсаңыз, оны 10 см артық ашпаңыз, осы мақсат үшін шектегіштерді қойыңыз.

• балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.

• ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін.

• барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді терезеден алыс қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына кездейсоқ түсуінің алдын алуға көмектеседі.

• москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алдында қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.

• егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорықса, оны тіпті қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе үрей құшағында қалған балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарауы мүмкін, бұл жоғарыдан құлауға әкеп соғады.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале