24.05.2018, 16:28
Оқылды: 30

Оралда экологиялық рейд барысында үш қоғамдық көлік жүргізушісі ескерту алды

 

Бүгін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыстық экология департаменті және ішкі істер органымен бірлесіп «Таза ауа» рейдін өткізуде.

– Рейд барысында автокөліктерден шығатын түтіннің құрамынан улы заттың шектеулі көлемі нормаға сай екенін тексерудеміз. Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасына сәйкес 2013-2020 жылдары қалалардағы қоғамдық көліктер газ отынына толықтай көшуі тиіс. Себебі оның құрамында ауаны ластаушы заттар көлемі аз. Мұның табиғатта сақтаудағы маңызы зор. Бұған дейінгі өткізілген акцияларда автобус парктеріне жалға берген жеке иеліктегі көліктер түтінінде улы заттар шекті мөлшерден тыс екені анықталды, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Фариза Сұлташева.

Бүгінгі рейд аталған басқарма ғимараты жанындағы аялдамасынан басталды. «Ураган» көлігімен келген полицейлер де шараға қатысты. Облыстық экология департаментінің бас маманы Гүлфара Айсағали соңғы аялдамаға тоқтаған №35 және 39 маршрут көліктерінің жүргізушілеріне жолығып, құжаттарын сұрады. Оның нұсқауымен көлік құбырларынан шыққан түтін арнайы құрылғымен тексерілді. Түтінінің құрамында мөлшерден тыс зиянды зат анықталған автобустардың жүргізушілеріне ескерту беріліп, үнпарақ-жадынама таратылды.

e999f1ee-0f9e-4556-81e8-86be8d29a7f3– Ескерту берілген көлік жөнінде мәлімет арнайы базаға енеді. Көлік иелері ескертуімізге құлақ аспаған жағдайда оларға келесіде 202 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Мәселен, «№1 жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС-на қарасты МАЗ маркалы №826 автобус түтінде улы зат мөлшері 60 пайыздан астам екені белгілі болды. Негізінен,  40 пайыздан аспауы тиіс, – деді Гүлфара Айсағали.

Рейд кейін Зашаған кенті аумағындағы №7 маршруттың соңғы аялдамасында жалғасты. Экологиялық рейд барысында түске дейін  үш қоғамдық көлік жүргізушісі ескерту алды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале