24.04.2019, 17:40
Оқылды: 44

Оралда «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы басталды

Бұл туралы "Жайық Пресс" ақпараттық агенттігінің тілшісіне Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мониторинг және ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Зарина Ықсанова айтып берді.

Zarina Ihsanova

- Облыс орталығында "Орал жастары" волонтерлік қозғалысының ұйымдастыруымен «Экосақшы» қоғамдық бақылау акциясы өз жұмысын бастады, - деді Зарина Амангелдіқызы. - Қар кетіп, жер кебе бастағанда қаламыздың қоқысқа толатыны жасырын емес. Қала тазалығын сақтау мақсатында абаттандыру айлығы жарияланып, сенбіліктер өткізіледі.

ekosakshy

Алайда қала бойынша орнатылған қоқыс жәшіктерінің айналасы үнемі ыбырсып жатады. Көп жағдайда тұрғындар бұған жәшіктің ішіндегі қоқысын алып, айналасын тазаламай кететін коммуналдық мекеме қызметкерлерін кінәлап жатады. Ал олар, керісінше, тұрғындардың қоқыстарды жәшікке салмай, сыртына төгетінін алға тартады. Осындай заңсыздықпен күресу мақсатында қаламыздың оқу орындарында оқитын студенттерден құралған еріктілер тобы қоғамдық бақылау жұмысына кірісті. Еріктілер тұрмыстық қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс жәшігінің маңайына тастайтын қала тұрғындарын анықтап, оларды суретке түсіріп, бейнетаспаға басып алады. Кейін бұл суреттер мен жазбаларды әлеуметтік желілерде жариялайды. Айта кетейік, "Экосақшы" акциясы жыл бойына үздіксіз жүргізіле береді және мұндай келеңсіздікке бейжай қарамайтын тұрғындарды қала тазалығы үшін бірге күресуге шақырамыз.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале