17.11.2017, 12:40
Оқылды: 57

Оралда еріктілер балы өтті

23561768_1194613217338391_3780857822293875372_nОрал қаласындағы Салтанат сарайында қалалық əкімдіктің қолдауымен және "Батыс-Қамқор" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Үздік ерікті-2017" қалалық еріктілер балы өтті. Салтанатты шараға арнайы шақырылған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысушыларға ыстық ықыласқа толы ізгі лебізін арнады.


"Батыс - Қамқор" ЖҚБ төрағасы Әділет Берікқалиевтің айтуынша, шара Орал қаласы жастарының арасында еріктілер қозғалысын насихаттау және жыл бойы атқарған жұмысты қорытындылау мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында өткізілген.

-"Батыс-Қамқор" жастар қоғамдық бірлестігі, негізінен, жас толқынның уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қайырымдылық. қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырумен айналысатынын айта кетейін.

23622369_1194612860671760_4046751964389677814_nБалға жыл бойы ардагерлерге, əлеуметтік әлжуаз топ санатындағы тұрғындарға көмек көрсету, балалар үйі мен қарттар үйінде нашақорлық, шылым шегу, маскүнемдіктің алдын алуға бағытталған қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру сияқты түрлі əлеуметтік және қайырымдылық шараларға белсене қатысқан еріктілер шақырылды, - дейді Әділет Берікқалиев.

Тал бойларына аппақ көйлектері жарасып, үлбіреген бойжеткендер мен смокинг киген салмақты бозбалалар әсем әннің әуенімен дөңгелене билеп, айналасындағыларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Әуезді кештің аяғында бал кешінің Ханзадасы мен Ханшайымы анықталып, оған Темірлан Серіков пен Әйгерім Кереева жұбы лайық деп танылды.

Шара барысында қаламыздың ең белсенді еріктілері мен жастар қоғамдық бірлестік мүшелері қала əкімінің алғыс хатымен және статуэткалармен марапатталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале