26.03.2018, 18:43
Оқылды: 64

Оралда есірткі сатқан мұғалім ұсталды

20180326123024Орал қаласында есірткі сатумен айналысқан 1986 жылғы Х. деген мұғалім қолға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, №3 орта мектептің бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзінің үйінде М. есімді азаматқа 5,04 грамм кептірілген марихуана сатқан. Күдікті Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Андрей Хлевиннің айтуынша, 23 наурыз күні өз үйінде ұсталған мұғалімнен бұдан басқа тағы бір қорапқа салынған есірткі табылған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале