8.09.2017, 23:05
Оқылды: 22

Оралда эстрада əншілері өнер көрсетті

received_10210010212584299Қала күніне байланысты "Орал - əсел қала" тақырыбында өткен кеш "Ақжелең" би композициясымен ашылды. Кейін "Оралым" фолклорьлық ансамблі күй орындады. Мерекелік шарада алаңға шыққан жас жұбайларға "Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі" мен Орал қаласы əкімдігі атынан сыйлықтар мен ас жабдықтары табыс етілді. Көңілді думанда жас өнерпаз Данияр Рахметжан "07 аймақ" əнін орындады. Символикалық мəнде флешмобтар мен велосипедшілер шеруі көп назарына ұсынылды.
Мерекелік шарада облыс əкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Одан əрмен қалалық өнер ұжымдарының концерті өтті. Ең бастысы, белгілі əншілер Төреғали Төрəлі мен Ерке Есмаханнның, итальяндық Сон Паскальдың хит-əндері көрермендердің көңілін көтерді. Кеш соңында от шашудан көрініс қойылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале