5.06.2019, 15:42
Оқылды: 192

Оралда футболдан облыс әкімінің жүлдесі үшін ашық турнир өтті

«Ақжайық» ФК ұйымдастырған футболдан 2008-2009 жылғы футболшылар арасындағы облыс әкімінің жүлдесі үшін ашық турнир мәреге жетті.

futbol (3)

Оған Теректі, Бөрлі, Тасқала, Жәнібек, Сырым аудандары мен қалалық «Football kids» футбол орталығының және «Ақжайық» футбол клубының тәрбиеленушілерінен құрылған 11 команда қатысты.

Бес күнге созылған жас ойыншылардың ымырасыз тартысының қорытындысында жүлделі ІІІ орынды Сырым футболшылары, ІІ орынды «Ақжайық – 2009» командасы иеленсе, алғаш рет ұйымдастырылған турнирдің бас жүлдесін «Ақжайық – 2008» командасы қанжығасына басты.

Бұдан бөлек, үздік ойын көрсеткен сырымдық Шапағат Сапарғали «Үздік қорғаушы», «Football kids» командасының ойыншысы Дархан Карабалинов «Үздік шабуылшы», «Ақжайық – 2009» ойыншысы Абдулла Биғали «Үздік жартылай қорғаушы», «Ақжайық – 2008» ойыншысы Роман Каравайченко «Үздік қақпашы» аталымдарына ие болса, «Ақжайық 2008» командасының тағы бір ойыншысы Мейіржан Ахметқали жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

Сондай-ақ Жәнібек, Теректі, Бөрлі аудандарының командалары мен оралдық «Football kids» орталығының ұжымдары «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен марапатталды.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар және медаль, грамота берілді.

«Ақжайық» футбол клубының

 баспасөз қызметі

futbol (14)
futbol (2) futbol (4) futbol (5) futbol (8) futbol (18)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале