26.09.2018, 12:01
Оқылды: 41

Оралда гранд бал дебютанттары «Жүректен жүрекке» акциясын өткізді

 Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында төртінші қайырымдылық грант балының дебютанттары «Жүректен жүрекке» атты акция ұйымдастырды.

IMG_2680

Шарада  грант бал жобасының авторы Алпамыс Шәримов мүмкіндігі шектеулі он жастағы Шыңғыс есімді балаға өзінің сыйлығын тарту етті.

-Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз мұңаймаймыз. Қайта баламның болашаққа деген ынта-жігері арта түсетініне сенемін. Сыйлық беріп, баламды қуантып жатқандарыңызға көп рақмет. Осындай жобаларыңыз жалғасын тауып, істеріңізге Алла береке берсін, - деді Шыңғыстың анасы Мәрия Шәгирова.

Аталмыш акцияны ұйымдастырушы Айнұр Қауышеваның айтуынша,  акцияға қатысқан әрбір дебютант сыйлыққа толы 120 жәшікті даярлап, көмекке мұқтаж отбасыларға өз қолдарымен апарып табыстамақ.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

zhaikpress.kz

IMG_2632 IMG_2630

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале