17.04.2017, 18:26
Оқылды: 32

Оралда грек-рим күресінен облыстық чемпионат өтуде

Бүгін Орал қаласының ОЖСШМ спорт залында грек-рим күресінен 2000-2003 жылғы және одан да кіші жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облыстық чемпионаты өтуде.

Спорт бәсекесіне Бөрлі, Зеленов, Теректі, Шыңғырлау және қаламыздағы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернат командалары қатысуда.

Аталған жарысқа 150-ден астам балуан он салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесуде.

Жарыстың ашылу салтанатында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионаттың қорытындысы ертең белгілі болады.

Темірболат ӘНУАР

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале