21.11.2018, 18:17
Оқылды: 26

Оралда Jas.QZ жобасы қорытындыланды

Бүгін Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған Jas.QZ жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым» байқауы қорытындыланды.

жаскз (2)
Аталмыш шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жүзеге асырып отыр. Байқауда облыстың 9-11 сынып оқушылары мен студенттері алты бағыт бойынша бақ сынады.

Айта кетсек, «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша үздіктердің біліктілігі салт-дәстүр бойынша ауызша сұрақтарға жауап беруі арқылы анықталса, «Әскери-патриоттық» бағыт бойынша «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?» тақырында эссе жазып сыналды. «Зияткерлік» бағыт бойынша үздіктер математика сабағынан сынақ тапсыру арқылы анықталды. «Шығармашылық» бағытта үміткерлер ұлттық аспаптарда өнер көрсетсе, «Спорттық» бағытта қыз-жігіттер қашықтыққа жүгіру, кермеге тартылып жарысты.
Байқау қорытындысы бойынша айта кетсек, «Жас ұлан» аталымының жеңімпазы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті Р.Сансызбаев пен Орал қалалық №36 ЖОББМ-ның оқушысы Д.Махмутова иеленсе, «Үздік ерікті» аталымы Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің студенті А.Губашев пен мектеп оқушысы Г.Сарсенова жеңіп алды. «Үздік өнерпаз аталымы» Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті А.Жұмағалиева мен М.Қадырғалиеваға, ұлттық құндылықты дәріптейтін бағыттың «Жас этнограф» аталымы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті Б. Шәріпова мен Г.Дәдемжанға, «Үздік спортшы» Н.Утепкалиев пен Б.Нұрмұханға, «Жас зияткер» аталымы С.Жұмабай мен С.Латиповке бұйырды.

Гүлсезім БИЯШЕВА,
zhaikpress.kz

жаскз (6) жаскз (7) жаскз (3) жаскз (1) жаскз (9) жаскз (4) жаскз (8) жаскз (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале