17.03.2018, 14:20
Оқылды: 84

Оралда қала аумағынан 196 мың текше метр қар шығарылды

received_821220158076070Орал қаласы Зашаған кенті Сарытау шағынауданындағы қар суын ағызуға арналған арна толықтай аршылып болуы жақын. Осы арнадан аққан қар суы Орал-Саратов жолы жанындағы үлкен каналға құйылады.


received_821219998076086Бұл жайында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Тухфатов хабарлады. Ол су арнасын тазалау жұмысын көруге келген облыс әкімі Алтай Көлгіновке қазіргі уақытта қала аумағынан 196 мың текше метр қар шығарылғанын айтты. Былтыр 500 мыңнан астам текше метр қар тасылған.

Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевтың сөзінше, тәулігіне екі ауысым бойынша 100-ден астам техника, 60-қа жуық КамАЗ, 19 қар тиегіш арқылы қар тасымалдануда. Қар тазалау жұмысына «Жайық Таза қала» ЖШС-ның 300-ден астам қызметкері жұмылған. Оларға күн сайын 200 студент ерікті түрде көмекке келеді.

received_821220141409405Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлерін қоса алғанда, мыңға жуық оралдық қар аршуда. Қала басшысы кәсіпкерлік нысандары мен тұрғын үй ауласынан шығарылған қардың техникалармен тасылып жатқанын айтты. Қазіргі кезде 1, 2-саяжай аумағында 90-дай адам тасқынның алдын алуға қатысты нұсқаулық парақтарын таратуда.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс тобына қала аумағындағы су тасқыны болуы ықтимал барлық учаскені аршып, бақылауға алуды, әлеуметтік нысандар мен көп қабатты үйлердің және қала ішіндегі жеке баспаналардың айналасына түскен қалың қарды тазалау керектігін керектігін айтты. Су тасқыны қатеріне байланысты тұрғындар қаперіне салып отыру үшін бейнеролик түсіруді ұсынды.

received_821220024742750Алтай Көлгінов арықтар арқылы аққан су топанға ұласпауы үшін Орал-Саратов жолы бойындағы су арнасы ішіндегі қарды техникалармен ысыруды тапсырды.

Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Зашаған кенті аумағында жаңа жылыжай құрылысы маңында қазылып жатқан арықты көрді. Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын жаңа арықты қазуға құрылыс компаниясының өзі мүдделі болып, техника шығарған.

received_821220118076074Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыров кент аумағында ұзындығы 20 км-ден асатын арық жүйесін тазартуға жастар белсене үлес қосып жатқанын айтты. Үй ауласынан қар шығаруға өтініш білдіріп жатқан тұрғындар бар. Қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты адамдарға еріктілер көмектесуде.

received_821220108076075Әкімнің айтуынша, "Балауса" шағынауданындағы көше бойындағы жол астына төрт су өткізгіш құбыр орнатылуда. Қазіргі кезде Зашағаннан шығарылған қардың көлемі 20 мың текше метрден асқан.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале