14.11.2019, 19:03
Оқылды: 85

Оралда қалалық аналар форумы өтті

Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында «Ана. Қоғам. Болашақ» атты қалалық аналар форумы өтті.

forum (3)

Форум жұмысы «Ана мен бала» көрмесімен ашылып, «Жұлдыз» би студиясының тәрбиеленушілері мен аналары «Ана мен бала» сазды-хореографиялық композициясын орындады.

forum (4)

Жиынды Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашып, көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы баяндады. Сондай-ақ форумда облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім басшысы, маммолог-дәрігер Әлия Үшбаева сүт безі қатерлі ісігі төңірегінде, Орал қалалық №5 емхананың гинеколог-дәрігері Арайлым Балтаева гинекологиялық дерттер туралы мағлұмат берді. Көп балалы аналар сала мамандарына сауалдарын қойып, шара Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының оқушыларының орындауындағы «Ана» әнімен тәмамдалды.

forum (2)

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале