22.01.2020, 19:03
Оқылды: 123

Оралда қардан тазарту жұмыстарына онлайн бақылау жүргізу қызметі таныстырылды

Оралда шаһар көшелерін қардан тазарту жұмыстарына онлайн бақылау жүргізу қызметі таныстырылды.

akimat 1

Облыс әкімдігінің тапсырмасымен қолға алынған бұл жобаның басты - мақсаты цифрлық жүйені енгізе отырып, көше тазалау жұмыстарын қадағалау, сол арқылы қазына қаражатын тиімді жұмсау болатын.

akimat2

Жиында сөз алған «Global Information Systems» ЖШС жетекшісі Александр Фоминнің айтуынша, бұл жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын оңтайландыру, «Цифрлы Қазақстан», «Ақылды қала» бағдарламаларын жетілдіре түсу бағытында іске асырылған.

akimat 3

Аталған жүйені әзірлеген компания директоры қар тазалайтын арнайы көліктердің жұмысын қалай бақылауға болатындығын іс жүзінде көрсетті. Оның айтуынша, болашақта мұндай қондырғы арқылы көше тазалайтын адамдардың да іс әрекетіне қадағалау жасауға болады екен.

Бұл жүйе арқылы қай көліктің қай көшеден, қашан қар тиегенін, төгетін орынға уақытында барып, кері қайтқандығын көріп отыруға болады. Сондай-ақ «109» қызметі арқылы әр техниканың қаншалықты тиімді жұмыс жасағанына да қадағалау жүргізіледі.

- Қаланың тазалығы біздер үшін маңызды. Сондықтан қар тазарту жұмысын автоматтандыруды қолға алдық. Бұл бізге жұмыстың тиімділігін арттырып, бюджет қаражатын үнемдеуге көмектеседі деп есептеймін. Шаһардың әр тұрғыны «109» қызметіне қоңырау шалып, қар тазартуға өтініш беруді білуі керек. Ал жауапты мекеме атқарылған жұмыстардың есебін қадағалап отыруы шарт, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале