6.03.2018, 11:07
Оқылды: 32

Оралда кәсіпкерлер форумы өтті

Оралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің облыстық форумы өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, бірқатар кәсіпкер, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Шара барысында салық Кодексінің мәселелері талқыланып, «Қоғамдық бақылау картасының» жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар облыс кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын жеткізді. Батысқазақстандық кәсіпкерлердің айтуынша, «Qamqor» қосымшасы олардың арасында ерекше қызығушылық тудырды.

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале