22.02.2019, 17:59
Оқылды: 32

Оралда «Кәсіптік білім: жаңаша көзқарас» форумы өтуде

өсу векторыБатыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында «Өсу векторы» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларымен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған форум өтуде.

Шара инженер-педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік пікірталас алаңын құруды мақсат еткен. Инженер-педагогтар облысымыздағы белгілі тұлғалармен кездесіп, «Өзгерістерді өзіңнен баста!», «BRAINSTORM» шеберлік дәрістері ұйымдастырылды.

Форумға барлығы 100-ге жуық инженер-педагог қатысуда.

Білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале