13.06.2019, 10:44
Оқылды: 733

Оралда қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Оралда алғаш рет өнер адамдарының арасында қазақ күресінен «Өнер барысы» қалалық ашық турнирі өтті.

 onerbarysy4

БҚО қазақ күресі федерациясы, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, БҚО мәдениет басқармасы, Қадыр Мырза Әли атындағы өнер орталығы ұйымдастырған бәсекеге барлығы 41 балуан қатысып, екі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

IMG-20190613-WA0023

70 келіге дейінгі салмақта ақтық сында қос сырымдық Бауыржан Бисқалиев пен Бекболат Хайруллин белдесті. Белдесу басталғалы жауырыны жерге тимеген Бауыржан Бисқалиев қарсыласын қапы қалдырып, жеңіске жетті. Бекболат Хайруллин екінші, бөкейордалық Асхат Қален үшінші орынға ие болды.

IMG-20190613-WA0010

Ал 70 келіден жоғары салмақта Бөрлі ауданынан келген Тәуекел Бақытжанның бабы мен бағы қатар шапты. Ақжайықтық Дәулет Шәмелов екінші, қазталовтық Жігер Маусымов үшінші орынға ие болды.

oner (10)

«Өнер барысы» атанған қос балуанға ақшалай сыйлықтан бөлек, белдік берілді.

Бөкейордалық Асхат Қаленге «Үздік техникасы үшін» аталымы, бәйтеректік Е.Мұқамбетовке «Жеңіске деген жігері үшін», сырымдық Мейірбек Қанатовқа «Ең жас балуан» аталымы берілді.

22jpg

 Д.Беріш,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале