26.09.2018, 15:00
Оқылды: 27

Оралда ҚДТ (ДВК) тыйым салынған қозғалысын қолдап насихат жүргізген әйелге қатысты сот үкімі шықты (ФОТО, ВИДЕО)

sud Halelova (1)

Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 13 наурыз күнгі шешімімен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тыйым салынған болатын. Сот шешімінің заңды күшіне енгеніне қарамастан, Б.Халелова telegram әлеуметтік желісінде «Дина Нұрпейісова» есімді жалған атпен «ДВК Запад» тобына тіркеліп, қоғамды рұқсат етілмеген митингке шақырып, билікті ауыстыру туралы  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

            ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлім бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны 1 жылға бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды. Мұнымен қоса Б.Халелованы пробациялық бақылауға алу туралы шешім қабылданды.

Шешімге сәйкес Б.Халелова тұрақты мекен жайын рұқсатсыз әрі сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды хабардар етпестен ауыстыруға, іс-шаралар, митингтер, шерулер және тағы басқа наразылық танытатын орындарға баруға, саясатқа қатысты дөңгелек үстел, семинар мен кездесулерге қатысуға, экологиялық және әлеуметтік мәселелер қозғалатын халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық-саяси партиялар мен қозғалыстардың қатысуымен ұйымдастырылған жиындарға қатысуға тыйым салынды.

            Сондай-ақ оған саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерді шешу сылтауымен БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жазба жариялауға, пікір жазуға, концерт, кездесу, флеш-моб ұйымдастырып, қатысуға шектеу қойылды.

     Сотталушы сонымен бірге жергілікті атқарушы орган белгілеген орындарда жыл бойы 100 сағатқа мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zhaikpress.kz

Сурет пен видео авторы Т.Тоқмамбетов

sud Halelova sud Halelova (2)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале