13.04.2019, 16:39
Оқылды: 38

Оралда киокушинкай-кан каратэден республикалық турнир басталды  

Орал қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер арасында «West cup» республикалық ашық турнирі басталды.

IMG_3474

Турнирдің ашылуына ҚР Мәжіліс депутаты, ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының төрағасы Омархан Өксікбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев спортпен шұғылдану жасөспірімдерден  мығым ерік-жігер талап ететінін атап өтіп, республикалық деңгейде жекпе-жек өткізуге қолдау білдірген киокушинкай-кан каратэден ұлттық федерациясының төрағасы Омархан Өксікбаевқа алғыс білдірді.

– Елбасы айтқанындай, саламатты өмір салтын насихаттау жолында бұқаралық спортты дамыту назардан тыс қалмауы керек. Жастар арасынан болашағына үмітпен қарайтын  жеңімпаздар көп шығатынына сенемін. Каратэ шымыр болуды, ержүректілікті, тынымсыз тер төгуді талап етеді. Елімізде киокушинкай-канға 7 мыңнан астам жас қатысады. Оның 90 пайызы – балалар. Бұл спорт түріне қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.  Әр каратэшінің спорт кітапшасында өзін орнықты ұстау ережесі, қол жеткізген дәрежесі, тәртібі туралы жазылған. Депутат ретінде әр өңірдегі жергілікті атқарушы орган өкілдерімен спорт клубтарын ашу, көшеде бос жүрітен жастарды спортқа шақырып, киокушинкай-канмен шұғылдануына жағдай жасау жөнінде ұсыныстар айтып, келіссөздер жүргізіп жатырмын. Біздің федерацияның барлық облыста филиалдары бар, – деді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

Республикалық турнирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Атыраудың өзінен келген үш команда қатысып жатыр. Киокушинкай-кан каратэден 36 салмақ дәрежесінде 6-17 жас аралығындағы 450 жасөспірім сынға түсуде. Біздің облыста аталған федерацияның филиалы бес жыл бұрын ашылған. Қазіргі кезде осы спорт түріне Орал және Ақсай қалаларындағы 16 мектеп баулиды.  БҚО-да киокушинкай-канмен 1000-нан астам жасөспірім мен бала шұғылданады.

Нұртай Текебаев,

суретке түсірген: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_3544

IMG_3450IMG_3417IMG_3480IMG_3524IMG_3434

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале