14.02.2020, 14:06
Оқылды: 225

Оралда қоғамдық қабылдау өтуде (СУРЕТ)

Бүгін Оралдағы «Nur Otan» партия облыстық филиалы ғимаратында дәстүрлі қоғамдық қабылдау өтуде.

akimat (15)

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүзеге асуда. Шара барысында облыс әкім Ғали Есқалиев және қала басшылығы, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, құқық қорғау құрылымдары мен коммуналық қызмет жетекшілері жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдауда. Қоғамдық қабылдау - тұрғындардың көкейкесті мәселелерінің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған шара.

akimat (1)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің сөзінше, жер мәселесіне қатысты сұрақ көп түскен. Кәсіп ашуға қатысты да ұсыныс айтып, кеңес сұрағандар бар.

«Маған әзірге он адам жолықты. Олар жер және пәтер алуға қатысты, жеңілдікпен несие алу, кәсіп ашу жөніндегі мәселелермен келген. Тұрғындарға толғандырған түйіткілдері бойынша кеңес берілді. Мысалы ауыл шаруашылығына тиесілі жер алу жөнінде айтар болсақ, қазір бұл рәсімдер цифрландыру жүйесі арқылы жүргізіледі. Конкурс жөніндегі хабарландыру құзырлы мекеме сайтында, БАҚ құралдарында жарияланып, өтініштер қабылданады. Барлық рәсім веб сайт арқылы ашық түрде өтеді. Тек тұрғындардың өздері қатысуы керек, - деді Мұхтар Манкеев.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың сөзінше, партияның қоғамдық қабылдауына өткен жылы жеті мыңның үстінде адам келген.

akimat (8)

«Партия фракциясының мүшелері, мемлекеттік құрылым басшылары және әр деңгейдегі әкімдіктер 1400-ден астам қабылдау өткізді. Жеті мыңға жуық азаматтың жүгінген мәселесінің 35 пайызы оң шешімін тапты. Қалған түйткілдер бойынша жұмыстар атқарылуда», - деді Мұрат Рахметұлы.

akimat (14)

Жалпы тұрғындар бұл шараға баспана алу, денсаулық сақтауға қатысты, атаулы әлеуметтік көмек алу және басқа да мәселелер бойынша арыз-шағым, өтінішпен келуде.

akimat (12)

Айта кету керек, шара басталған бір сағаттың ішінде жүз шақты тұрғын кезек алды.

Ясипа Рабаева

суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале