28.04.2018, 16:14
Оқылды: 20

Оралда «Көктем балы-2018» өтуде

Темирболат Токмамбетов1Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Астана қаласының 20 жылдығы және 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Көктем балы» шарасы өткізілуде.

Қаладағы С.Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты кешені аталмыш шараны дәстүрлі түрде сегізінші мәрте ұйымдастыруда.

Би мерекесінің басты мақсаты – би өнері арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын кеңейту, әдемілікке, сымбаттылыққа, бір біріне деген сыйластыққа үйрету. Сонымен қатар осы мәдени шарада оқушылар әртүрлі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан би мұрасы арқылы олардың мәдениетімен танысады.

Мерекеге аталған мектептің 6-16 жас аралығындағы 280 оқушысы қатысуда. Би мерекесінде үздік өнер көрсеткен жұпқа тәж кигізіліп, «Көктем балы-2018» жеңімпаздары деген атақ беріледі.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов2 Темирболат Токмамбетов3 Темирболат Токмамбетов4 Темирболат Токмамбетов5 Темирболат Токмамбетов6 Темирболат Токмамбетов7

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале