21.05.2019, 12:17
Оқылды: 22

Оралда қоқыс полигонындағы өрт қадағалауға алынды

Бүгін сағат таңғы 7:46-да облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 нөміріне Орал қаласындағы қоқыс полигонының түтіндеп жатқаны жөнінде қоңырау түсті.

 svalka (3)

         Сағат 8:24-те оқиға орнына жеке құрамнан екі адам барып, бір техника жұмылдырылған.

         Кейін тұтанған қоқыс полигонын сөндіру үшін қосымша 3 бірлік бульдозер, 4 бірлік тиегіш пен экскаватор, 10 бірлік су шашатын көлік пен КамАЗ жұмысқа тартылды.

svalka (5)

         Айта кетейік, қоқыс полигонындағы жағдайды БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Орал қаласы әкімдігі қатаң бақылауға алды.

БҚО ТЖД-ның

 баспасөз қызметі

svalka (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале