23.09.2019, 11:28
Оқылды: 412

Оралда қол күресінен аймақаралық жарыс аяқталды

Оралда қол күресінен жас жеткіншек ұл-қыздар, жастар, ерлер мен әйелдер арасында аймақаралық жарыс өтті.

sport (3)

Білектілер жарысына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысынан 250 спортшы қатысты.

 Еліміздің бірнеше аймағынан келген кілең мықтының жарысы қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орын Қызылорда спортшыларына бұйырса, екінші орынға маңғыстаулықтар жайғасты. Ал бірінші орынды Батыс Қазақстан спортшылары иеленді.

sport (5)

Көрермен үшін абсолюттік салмақтағы спортшылар тартысы қызықты болды. Бұл сында үшінші орынды батысқазақстандық Рахат Кабилов, екінші орынды тағы жергілікті спортшы Әділет Сәлімжанов иеленсе, бірінші орынды маңғыстаулық Қонарбек Қозыбаев қанжығасына байлады.

Түгелбай Бисен

sport (1) sport (2) sport (4) sport (6) sport (7) sport (8)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале