29.06.2017, 12:30
Оқылды: 61

Оралда көлік қағып кеткен екі жасар қыз бала көз жұмды

Kiz bala koz jymdi     23 маусым күні кешкісін Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы көшесі бойындағы 108/2-үйдің ауласында екі жасар қыз баланы көлік қағып кетті.


    Көршілерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған кішкентай қыз жексенбі күні жер қойнына тапсырылды. Баланы қаққан «Nissan Primera» көлігінің жүргізушісі сол көшедегі 108/4-үйде тұратын көрінеді.

    БҚО ІІД баспасөз қызметі оқиғаны растады, ресми мәлімет кейін берілетін болады.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале