29.04.2018, 14:36
Оқылды: 127

Оралда қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

received_10211556735686410Астана қаласының 20 жылдығына орай Орал қаласында "Ақжайық - шеберлер қаласы" атты қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

Облыстықішкі саясат басқармасының тапсырмасымен ұйымдастырылған көрмеге ағаштан, сүйектен, тастан жасалған бұйымдар, кəдесыйлар, матадан тігілген сөмкелер, себет, балауыз шамдар қойылды.

received_10211556737286450- Негізгі мақсат - шағын кəсіпкерлікті қолдау. Əлеуметтік желі арқылы бұйымдарын сатып жатқан шеберлерді шақырып, көпшілік алдында тауарын саттыққа қоюға мүмкіндік жасап жатырмыз. Қолөнер көрмесі биыл үшінші мəрте өтуде. Соған байланысты оған қатысушылардың саны артуда. Əрі сауалнама жүргізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін ескерудеміз. Бұл жолы қаладағы мектеп оқушыларының көрмеге қатысуына, салған суреттерін көрсетуге жағдай жасадық. Аула клубтарының мүшелері, қосымша білім беру педагогтары, мектеп тыс жұмыс орталықтарының мамандары атсалысуда. Сонымен қатар, Бөрлі, Зеленов, Қазталов аудандарынан қолөнер шеберлері келді, - деді "Ғылыми зерттеу қолдау қоры" жеке қорының директоры Айболат Құрымбаев.

Оның айтуынша, мұндай көрмені əр ай сайын тұрақты өткізу жоспарланған. Сол арқылы тұрғындар мен қалаға келген туристердің қызығушылығын арттыру көзделген. Көрме кезінде бұйымдар жасаудан шеберлік сыныбы көрсетіліп, жасөспірімдер арасында белтемірге тартылудан сайыс пен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Нұртай Текебаев

Фото Айбатыр Нұраш

received_10211556736006418 received_10211556735806413 received_10211556736846439 received_10211556736966442 received_10211556737046444 received_10211556737086445 received_10211556737206448 received_10211556737246449 received_10211556737446454 received_10211556737726461 received_10211556737646459 received_10211556737566457

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале