14.03.2017, 17:59
Оқылды: 35

Оралда Көрісу күні кеңінен аталып өтілді

Н.Турегалиев
Ызғарлы қыс кетіп, шұғылалы көктем келгенде ерекше аталып өтетін 14 наурыз - Көрісу күні қаламыздың Дина Нұрпейісова көшесінде кеңінен тойлануда. Бұл - алыс-жақын ағайын қауышып, ерлер төс қағыстырып, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер өнегелі әңгімелерін айтып, өкпе-назымыз тарқап, ақжарма тілектер ақтарылатын күн. Қала әкімі Нариман Төреғалиев бастаған мемлекеттік қызметкерлер үлкендерге көрісіп, ізет көрсетті. Қалалықтар молынан жиналған Островский атындағы орыс драма театрының алдындағы алаңда мерекелік концерт қойылып, ұлттық ойындар қыза түсуде. Жастар алтыбақан теуіп, жеткіншектер арқан тартысуда. Дастарханды ұлттық тағамдармен жайнатып қойған әжелер қала тұрғындарына ыстық бауырсақ пен көже ұсынып, «Жасыңа жас қосылып, ғұмырларың ұзақ болғай!» деген тілектерін білдіріп жатыр. Шаһар басшысының айтуынша, мерекелік шара бір күнмен шектелмей, апта бойы жалғасын таба бермек.
 zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале