19.02.2020, 11:21
Оқылды: 342

Оралда қос автокөлік соқтығысып, жүргізуші әйел мен бала ауруханаға жеткізілді

Оралда қос автокөлік соқтығысып, жүргізуші әйел мен бала ауруханаға жеткізілді.

kolik soktigisti (2)

kolik soktigisti (1)

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 07.25 шамасында Әбілқайыр хан мен Гастелло көшесінің қиылысында орын алды. «KIA» автокөлігінің жүргізушісі жол бермей, «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «KIA» автокөлігінің жүргізушісі, 1985 жылғы әйел мен сонда отырған 7 жастағы бала жарақат алды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алдын ала мәліметіне қарағанда, зардап шеккендердің екеуі де жабық бас-ми жарақатын алған. Әйел облыстық көпбейінді ауруханаға, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты салдарынан «Toyota Camry» көлігі төңкеріліп қалды. Осы маңда жол кептелісі де болды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале