24.08.2017, 11:02
Оқылды: 21

Оралда құрбан шалатын бес орын белгіленді

 

Бұл жайлы Орал қалалық әкімідігінде өткен жиында айтылды. «Құрбан айт» мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған жиынға ҚМДБ-ның облыс бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов, қала бойынша өкіл имам Ә.Тұрлыбеков, облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Ғиззатов, қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары А.Қалиев қатысты.


1-3 қыркүйек аралығында өтетін «Құрбан айт» мерекесіне орай құрбан шалатын бес орын белгіленді. Құрбандыққа әкелінетін малдар да арнайы бекітілген орындарда сатылмақ.

-Құрбандыққа шалынатын малға ветеринарлық бақылауды 30 тамыздан бастаған дұрыс. Өйткені аудан-ауылдан малды екі-үш күн бұрын әкеле бастайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тарапынан тәртіпті бақылау күшейтілгені жөн. Жылдан-жылға «құрбан шаламын, ораза ұстаймын» деген ниет білдірушілер көбейіп келеді. Әдетте, құрбан шалып жатқан адамның малының қаны жерге тамбай тұрып Алла ниетін қабыл етеді дейді. Құрбан шалу айт намазынан кейін басталады. Ал айт намазы 1 қыркүйек күні таңғы 7.30 да оқылады.  Сондықтан құрбан шалуға ниет білдіріп жатқан ағайынның ниет-тілегі қабыл болсын дейміз, -деді ҚМДБ-ның облыс бойынша өкіл имамы Р.Сұлтанов.

Құрбан айт күндері мал сойылатын орындар қоқыс жәшіктерімен және малдың ішек-қарыны мен терілерін салатын арнайы контейнерлермен қамтылмақ. Жиналған терілер былғары зауытына тапсырылмақ. Жиында биыл қой союдың құны 1500 теңге болып бекітілді. Мал соятын қасапшыларды медициналық тексерістен өткізіп, оларға арнайы тәртіп түсіндірілмек.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале