10.10.2019, 18:53
Оқылды: 130

Оралда «LATYN FEST» жастар форумы өтті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдары қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңызы жөнінде айтылды.

latyn fest (3)

Қоғамда жаңа әліпбиге қатысты талқылау жүруде. Соған байланысты Орал қаласында өткен «LATYN FEST» жастар форумында көкейтесті сауалдарға жауап айтылды.

latyn fest (10)
– Латын графикасын қоғамға насихаттауымыз керек. Қоғамға тез сіңісуіне атсалысуымыз қажет. Ұлттық құндылығымыз – латын графикасына негізделген төл әліпбиіміз. Әлемдегі әліпбилердің басым бөлігі латын графикасына негізделген. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» деген қазақ нақылы бар. Латын графикасына өту арқылы жаһандық тенденцияға еріп, ең озық даму нышандарын сіңіреміз. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – осыны түсіндіру, - деді форумға қатысқан «Атырау» телеарнасының директоры, журналист Қанат Әуесбай.
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов  «Латын әліпбиіне көшудің алғышарттары» тақырыбында баяндама жасады.

latyn fest (5)
– Латын графикасына көшудің қоғамдық-саяси себебі бар. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуық уақыт өткелі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Тіл – саясат құралы» деген анықтама берді. ХХ ғасырда 150-ге жуық халық өз әліпбиін өзгерткен. Әлемде БҰҰ мойындаған 194 мемлекет бар. Дүниежүзінде 7 мыңға жуық тіл болса, 95 тілге ғана мемлекеттік мәртебе берілген. Қазақ тілінің өрісін кеңейту мақсатында үш мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Қаншама қаржы бөлінді, қаншама жиын өтті. Елбасының үштілділік саясатын енгізуі, оның қатарында ағылшын тілінің болуы – қазақ тілінің қамы.
Басқа әліпбиді неге қолданбаймыз? Себебі латын әліпбиі әлемге кеңінен танымал. Әлемде 40-қа жуық әліпби бар. Жер бетіндегі халықтың 34 пайызы ғана жазады. Дүниежүзіндегі кирилл әліпбиінің үлесі 3 пайыз. Біз – қазір осы азшылықтың ішіндеміз. Елдердің 36 пайызы латын графикасын қолданады. 200 миллионға жуық түркі халқы болса, олардың 55,6 пайызы латын әліпбиіне көшіп үлгерсе, 17,7 пайызы кирилше жазып, оқиды. Ғылыми еңбектердің  77 пайызы латын негізді әліпбимен жазылады. Латын әліпбиі кирилл әліпбиіне қарағанда, 250 есе бәсекеге қабілетті, – деді Ербол Тілешов.

latyn fest (12)
Форумда саясаттанушы, журналист, суретші, қоғам белсендісі, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай латын графикасына көшудің ұтымды негіздері жөнінде айтты.

latyn fest (11)

Шара аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары, ҚР Президенті жанындағы Басқару академиясының БҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Болат Жексенғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, өлкетанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұлдай Ержанова, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір, «Жайық үні» газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншалиева Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

latyn fest (14)

Нұртай Текебаев
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

latyn fest (9)latyn fest (4)latyn fest (6)latyn fest (8)latyn fest (13)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале