1.06.2020, 16:22
Оқылды: 382

Оралда мәдени-ағарту бірлестігі жаңартылған ғимаратқа көшірілді

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні Оралда жөндеуден өткен мәдени-ағарту бірлестігі ғимараты пайдаланылуға берілді.  

smart

Сонау 1992 жылы құрылған бірлестік құрамында 15 аула клубы, үш комьюнити орталығы, бір кинотеатр, бір әлеуметтік даму, екі мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы бар. Қала және қала маңындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі үйірмелерді де тегін ұйымдастырушы мекеме ғимаратын жөндеуге қала әкімдігінен он миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның екі миллионға жуығы үнемделіп, толықтай игеріліпті. Жаңғырту жұмысын жергілікті компания екі ай ішінде толықтай аяқтап шыққан. Бүгінде бірлестік 172 тұрғынды жұмыспен қамтып келеді.

smart

-Айтулы мереке қарсаңында балаларымызды қуантар шараның куәсі болудамыз. Мәдени-ағарту бірлестігінің жұмысы көпшіліктің көңілінен шығуда. Былтыр жаңа үш бірдей комьюнити орталығын өз қанатының астына алған мекеме біраз тағылымды шаралар ұйымдастырып, бүлдіршіндерімізді қызықтырар жаңа үйірмелер ашты. Енді жаңартылған ғимаратқа көшкен олардың ілкімді істері жалғасын табатынына сенімдімін,-деді салтанатты жиынға арнайы келген қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

smart

Мекеме басшысы Серік Тоқмамбетовтің сөзінше, бірлестік алдына жаңа мақсаттар қойып, тың бастамаларды іске асыруға ниетте екен.

-Біз негізінен ұлттық құндылықтарымызды дамыту бағытындағы жұмыстарға көп көңіл бөлетін боламыз. Сондай-ақ жуырда «Алтын орда» қоғамдық балалар театры ашылды. Өкінішке орай, ол жұмысты уақытша тоқтатуға тура келді. Болашақта оқушылар көшеге шығып, қалыпты жағдай орнаған шақта театр жұмысы толықтай іске асырылатын болады. Бұдан бөлек кең көлемдегі басқа да шараларды жоспарлап қойдық,- дейді Серік Әнуарұлы

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале