21.05.2020, 19:03
Оқылды: 141

Оралда мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі атап өтілді

Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. 

1 (19)

Оған қаламыздың мәдениет саласында қызмет етіп жүрген бірқатар өнер иелері қатысты. Шарада Орал қаласының әкімі онлайн байланыс арқылы өз құттықтауын жеткізді.

1 (24)

- Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт - ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады",- деген болатын. Қаламыздың мәдени ошақтарының сәні мен салтанатына арналған барлық жиындар мен мерекелік шаралардың басы-қасында келесіздер. Әр істі жауапкершілікпен, абыроймен атқарып келе жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Құрметті мәдениет майталмандары, өнер қайраткерлері, ардагерлер, сіздер өлкеміздің мәдениетін дамытуға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Баршаңызға шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деді Абат Шыныбеков.

_DSC3774

Бұдан кейін Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлерін қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Ләззат Шағатай

Сурет: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале