26.03.2018, 18:07
Оқылды: 46

Оралда маңғыстаулық жыршының кеші өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда маңғыстаулық жыршы, республикалық байқаулардың лауреаты Ақылбек Өтешевтің «Жыр – жүректің бұлбұлы» атты жыр кеші өтті.

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған шараны белгілі жыршы-термеші Фархат Оразов жүргізді. Кеш барысында  Ақылбек Өтешев Маңғыстау өңірінде өткен белгілі ақын-жыраулардың жыр-термелерін жырлап берді. Көрермен қауымның атынан сөз алған айтыскер ақын, дәстүрлі өнерпаз Хатимолла Бердіғалиев жыршының өнеріне ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев жыршы Ақылбек Өтешевке Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен қоса естелік сыйлық табыс етті.

 Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале